00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар

29 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар
Фото: ТЖМ сайтынан

Қазіргі таңда елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, олардың барлығында құтқарушылардың кезекшілігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан азаматтар өз қауіпсіздігіне мүдделі болуы керек. Тиісті жүзу дағдыларын меңгермеген болса, суға шомылмағаны дұрыс.

Тыйым салынған жерлерде және мас күйінде шомылғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін (ӘҚБтК–нің 412-бабы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 7 АЕК мөлшерінде, ӘҚБтК-нің 440-бабы алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде) атап өтті.