00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді

Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді
Оңалхан Өнерхан

132 мың адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындардан шектеу қызметін пайдаланды, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.

Шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады. Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды. Заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болыңыз, - деп жазылған хабарламада.