EGov мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат қолжетімді болды
eGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа цифрлық құжат – «Колледж дипломы» қолжетімді, деп хабарлады Elorda.info Мемлекеттік қызметер және онлайн ақпарат порталына сілтеме жасап.
Колледж дипломы - арнаулы орта білімнің бар екендігін куәландыратын құжат. Енді осы цифрлық құжатты eGov Mobile қосымшасы орнатылған смартфонмен электронды түрде ұсынуға болады.
eGov mobile қосымшасының жетістіктерінің бірі – «Цифрлық құжаттар» сервисі. Осы сервистің көмегімен қолданушылар цифрлық құжаттарды әрқашан ұялы телефоннан көрсете алады. Енді колледж түлектері eGov Mobile қосымшасы арқылы құжатты цифрлық форматта қолдана алады. Осыған дейін eGov mobile пайдаланушылары үшін жоғары оқу орындарының дипломдары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болды. Бұл қажетті құжаттарды алу және ұсыну процесін едәуір жеңілдетеді, - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Цифрлық құжатты қолдану үшін eGov mobile қосымшасының басты бетінде «Цифрлық құжаттар» сервисін таңдау керек. Пайдаланушы құжатпен QR код немесе 6 таңбалы код арқылы бөлісе алады.
Цифрлық құжат - түпнұсқа құжаттың аналогы. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисінде 27 құжат қолжетімді: оның ішінде жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ҚР азаматының төлқұжаты және басқа да дерекьтерге қол жеткізуге болады.
Сіз мобильді қосымшаны iOS жүйесінің пайдаланушылары үшін App Store платформасынан, сондай-ақ Android жүйесінің пайдаланушылары үшін Play Market және App Gallery-ден жүктей аласыз.