Дубайдан Астана мен Алматыға ұшып келетін рейстерге қатысты ақпарат жарияланды
17 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Бақтыгүл Бурбаева
Air Astana компаниясы Дубай әуежайының су басуына байланысты ұшу уақыты өзгерген рейстерге қатысты ақпарат берді, деп хабарлады Elorda.info.
Әуеайлақтың су басуына байланысты кешегі Дубай-Астана және Дубай-Алматы KC206 және KC898 рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде тиісінше сағат 10.30 және 13: 10-да ұшуға жоспарланған, - деді Air Astana баспасөз қызметі.
Жолдарды су басып қалуына байланысты жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы берілді.
Рейстердің мәртебесі әуе компаниясының ресми сайтында жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған