Димаш Құдайберген жаңа әніне челлендж жариялады


Димаш Құдайберген «Тау ішінде» атты жаңа әніне челлендж жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Dimashnews.com жазуынша, 15 мамыр күні сағат 20:00–де (Астана уақытымен) Димаш Құдайбергеннің YouTube желісінде «Тау ішінде» атты жаңа бейнебаянының премьерасы өтеді.
Премьераға орай челлендж жарияланды: осы трекке түсірілген және ең көп қаралым жинаған қызықты видео авторына үлкен сыйлық дайын.
Шарттары:
Видеоның ұзақтығы 30 секундқа дейін болуы керек.
TikTok немесе Instagram платформаларында жариялау.
Хэштег: #TauIshindeChallenge.
Челлендж 2025 жылғы 8 мамыр мен 25 мамыр аралығында өтеді. Жүлде - жеңімпаз өз таңдауы бойынша Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне жолдама алады (Барселона, Берлин, Лондон немесе Рига). Ұшу және тұру шығындары толық қамтылады. Нәтижесі - 26 мамырда Алматы қаласында өтетін фан-кездесуде жарияланады, — делінген хабарламада.



