00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
фото: Бақтыгүл Бурбаева

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 қыркүйекте елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.

Абай облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.