«Бұл дұрыс»: вице-министр фонограммаға тыйым салу туралы айтты


Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Вице-министр Евгений Кочетов бұл сұрақ әлі де талқыланып жатқанын атап өтті.
«Әрине, кез келген адам концертке билет алғанда әншінің әндерін жанды дауыста тыңдағысы келеді. Дегенмен бұл сұрақ әлі талқыланып жатыр. Менің ойымша бұл идея дұрыс»,- деді вице-министр.
Евгений Кочетов бұл сұрақ шоу-бизнес өкілдері мен сала мамандарымен ашық талқыланатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай қазақ әншілерінің фонограммамен ән айтуына тыйым салу қажет екенін айтқан еді. Сонымен қатар депутаттар заңға жаңа нормалар енгізу туралы ұсынысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне қолдамағанын айтты.



