Бүгін Аналар күні атап өтіліп жатыр

11 мамыр, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views455
Бүгін Аналар күні атап өтіліп жатыр
Pixabay.com

Бүгін Қазақстанда Аналар күні атап өтіліп жатыр, - деп хабарлайды Elordainfo.kz

Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі және отбасы институтын нығайтуға, ана мәртебесін көтеруге бағытталған. Биыл бұл күн 11 мамырға сай келді.

2023 жылы маусымда Үкімет мереке күнтізбесіне сәйкес қосымшаны бекітіп, оған қол қойды.

"Әлемнің көптеген елінде отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы және білім институтын нығайту мақсатында аталып өтетін ресми мереке Аналар күні мен Әкелер күні біздің елімізде де бекітілді", - деп жазылған Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы мәлімдемесінде.