Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады
27 сәуір, 2025


коллаж; Elordainfo.kz
2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл айдағы мереке аптаның ортасына, яғни 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні бейсенбіге, 7 мамыр – Отан Қорғаушы күні сәрсенбіге, 9 мамыр – Жеңіс күні жұмаға түседі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жолы жұмыс және демалыс күні ауыстырылмайтынын айтты.
Осылайша, барлық демалыс күндерін ескере отырып, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 12 күн демалса, аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Атырауда құйма бөлшектер шығаратын зауыт құрылысы басталды

4 тамыз, 2025
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметшілердің тамақтануын тосыннан тексерді

4 тамыз, 2025
Ұлттық ұлан академиясында 30-дан астам курсант әскери ант берді

2 тамыз, 2025
Шымкентте 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады