00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды бақылау күшейтіледі

14 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобаларды бақылау күшейтіледі
фото: Оңалхан Өнерхан

Құрылыс саласындағы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау 2025 жылдан бастап күшейтіледі. Тиісті жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау аясында жүргізілді. Бұл туралы Elordainfo.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Павлодар облысында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген болатын. Аудит барысында шамамен 731 млн теңгеге іс жүзінде орындалмаған құрылыс жұмыстарына ақы төлеу фактілері анықталды. Павлодар құрылыс бөлімі бұрын төлем жасалған актілер негізінде мердігер ұйымға төлем жүргізген.

Осыған байланысты Қаржы министрлігіне қазынашылық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша көптеген құрылыс шарттарын сүйемелдей алатындай өзгерістер енгізу тапсырылды.

25 қыркүйекте Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне түзетулер енгізілді. Оған сәйкес қазынашылық сүйемелдеу сметалық құны 1 млрд теңгеден басталатын шарттарға қатысты қолданылатын болады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 2 млрд теңгені құраған.

Бұл өзгеріс 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.