Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa іске қосылды
Халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
«Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Digital Nomad Visa бірқатар артықшылықтары бар. Мәселен, икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі; 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген. Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету. Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.
«Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді»,- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.
Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.