Қазақстан мен Финляндия «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтады


ҚР Энергетика министрлігінде энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен достық тобының жетекшісі Вилле Скиннаримен кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кездесу барысында тараптар электр энергетикасы саласындағы, жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамытудағы, сондай-ақ декарбонизацияға қатысты ұлттық және халықаралық бастамаларды іске асырудағы қазақстан-фин әріптестігінің кеңею перспективаларын талқылады.
Ә.Жамауов Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ұмтылысын атап өтіп, энергетика секторында жүргізіліп жатқан кешенді реформаларға назар аударды.
Бұл реформалар жаңартылатын энергия үлесін арттыруға, электр желісі инфрақұрылымын жаңғыртуға және көміртек ізін азайтуға бағытталған.



