Астаналық полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады
Есіл ауданы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жас жігіт уақытша пайдалануды сылтауратып ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа тапсырған. Тапқан табысты өз қажеттілігіне жұмсаған. Кейін жәбірленушілермен кездесулерден қашып, олардың телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан, - делінген хабарламада.
Полицейлердің айтуынша, ол бірнеше адамды алдаған. Сайттардан ойын приставкаларын жалға беру хабарландыруларын тапқан. Приставканың иелерімен хабарласып, жалға алған. Осылайша, құны 5 млн тұратын жеті Playstation 5 ойын приставкасын алдап алған.
Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заттай айғақтар ломбардтан тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталды.