00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада үй алып берем деп бірнеше адамды алдаған алаяқ әйел сотталды

Астанада үй алып берем деп бірнеше адамды алдаған алаяқ әйел сотталды
Фото: Elordainfo.kz/Бақтыгүл Бурбаева

Астаналықтарға жарты млрд теңге шығын келтірген алаяқ алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада 41 жастағы әйел тұтыну кооперативін тіркеп, салымшыларды компания қызметпен заңды түрде айналысатынына сендірген. Әйел тіпті кеңсені жалға алып, әлеуметтік желілерде жарнамаларды белсенді түрде таратқан. Алаяқ «Отбасы», «50-де 50», «Тез арада бөліп төлеу» және «Жинақ» деген бағдарламаларды ойлап тауып, сол арқылы тұрғын үй сатып алуға көмектесеміз деп уәде берген.

Осылайша, инвесторлар арнайы ашық шотына ақша аударған, ал өз пайдасын көздеген алаяқ бұл активтерді кейбір инвесторлардың есебінен тарату арқылы Астана, Ақмола облысы, Ақтау және Атырау қалаларынан кезекте тұрған басқа инвесторларға баспана сатып аперген. Осылайша ол кезегі келмей қалған 16 салымшыға жалпы сомасы 525 миллион теңгеге жуық материалдық шығын көлемінде зиян келтірген.

Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, басшылық қызметтерді атқару құқығын шектеумен алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталған Семейдегі қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейді.

«Онымен тәрбиесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ол тұрмыс құрмаған, кәмелетке толмаған бір ұлы бар», – дейді мекеме бастығының орынбасары Нұрым Баяхметов.