00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада спорт түрлерінен мыңнан астам балалар секциясы жұмыс істейді

Астанада спорт түрлерінен мыңнан астам балалар секциясы жұмыс істейді
Фото: Василий Крась

Бұл туралы бүгін Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Спикер жазғы кезеңде балаларды жұмыспен қамту жайында айтты.

Балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін 200 519 баланы немесе 4 бағыт бойынша 99% қамту жоспарланып отыр. Шығармашылық жұмыспен 99 360 баланы қамти отырып, 300-ден астам іс-шара өткізіледі (әртүрлі мекемелер жанындағы қызығушылықтар бойынша клубтар мен үйірмелер, аула клубтары); спорттық-туристік жұмыспен 3 330 баланы қамтитын 483 іс-шара өткізіледі (3 күндік жорықтар, экскурсиялар, облыс және республика бойынша туристік танысу сапарлары, көшпелі спорттық жиындар), - деді спикер.

Зияткерлік жұмыспен 4 848 баланы қамтитын 11 іс-шара жоспарланған (олимпиадалық резервтің жазғы мектептері, көшбасшылар активінің жазғы мектептері, «Жас ұлан», «Жас қыран» мүшелерінің жазғы тілдік мектептері, пікірсайыс жасақтары).

Оқушылар мен студенттер үшін: 1) жоғары сынып оқушыларына (16 жастан бастап) және оқудан бос уақытта студенттерге арналған «Қоғамдық жұмыстар» жобасына қатысу. Биыл маусым айының басынан бастап 134 оқушы қамтылды, оның ішінде: жоғары сынып оқушылары - 83, студенттер - 51. 2) жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының әлеуметтік кәсіптік бағдарлануы (осы жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша 1 289 адам кәсіптік бағдарлаудан өтті).  Одан бөлек, елордада 13 қосымша білім беру ұйымының базасында 4 230 баланы қамтитын күндізгі демалыс лагерлері, сондай-ақ қолданбалы өнер, шет тілдерін үйрену, жүзу бойынша қысқа мерзімді хобби-клубтар жұмыс істейді. Балаларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту үшін белсенді спорт түрлері бойынша да, зияткерлік спорт түрлері бойынша да 1 183 балалар секциясы жұмыс істейді, - деді Н.Еламанов.