00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Орман» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді

Астанада «Орман» профилактикалық іс-шаралары жүргізілді
Фото: қалалық ТЖД

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпті кезеңінің шарықтау кезеңінде орманды-дала өрттерінің және қураған шөптердің  алдын алу мақсатында  «Орман» профилактикалық шаралар өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, іс шараға жергілікті атқарушы органдар, Астана қаласының Полиция департаменті және «Астана-Орманы» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Мұнда  өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, өрт қауіпсіздігі нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жадынамалар таратылып, ұсыныстар берілді.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!  Табиғат аясына шыққан кезде сөндірілмеген темекі, сіріңкелерді лақтырмаңыздар, аң аулауға шыққанда бықситын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдаланбаңыздар. Алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Дем алатын жерден кетерде отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін топырақ лақтырыңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз.Басталған өртті сумен және ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ  лақтыруға  болады, - деп жазылған хабарламада.