Астанада қонақүйге жарылғыш зат «қойған» адам іздестіріліп жатыр
17 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Астана қаласының полицейлері «Sheraton» қонақ үйіне жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
«Sheraton» қонақүйінде жарылғыш құрылғы салынғаны туралы қоңырау түсті.
Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу барып, алгоритмге сәйкес әрекет етті. Қонақүйдің барлық келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Кинологтар мен жарылыс техниктері ғимаратты және жақын маңдағы аумақты тексерді. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау). Қоңырау шалушының жеке басы анықталуда, - деп көрсетті қалалық Полиция департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған