00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда полициясына азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түсті

Елорда полициясына азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түсті
Фото: Polisia.kz

Елорда полициясына бір ай ішінде азаматтардан 40-қа жуық алғыс келіп түсті, деп хабарлады Elorda.info  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астана тұрғындары «102» арнасына хабарласып, полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі мен біліктілігі үшін күн сайын алғыс білдіреді.

Қала тұрғыны полицияға хабарласып, оларға алғысын білдірген. Оның көлік жүргізіп келе жатқанда күтпеген жерден дөңгелегі жарылған. Сол сәтте бірден сол маңайда патрульдеу жұмыстарын жүргізген полицейлер дереу қажетті көмек көрсеткен. Сөйтіп көлік иесі патрульдік полиция қызметкерлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын айтқан, - деп жазылған хабарламада.