Астана мен Семей бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

23 сәуір, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана мен Семей бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Фото: Көлік министрлігінен

27 сәуірден бастап «Южное небо» әуе компаниясы «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсін ашады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.

10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

- «Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет;

- «Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы «Алматы – Үржар – Алматы», «Астана – Үржар – Астана» рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.