«Астана-Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы іске қосылды
11 шілде, 2025
Фото: ҚТЖ
Ұлттық тасымалдаушы «Астана – Бурабай» бағдары бойынша Burabay Express жаңа электрпойызын іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға Астана-Бурабай курорты бағдары бойынша №888/887 Burabay Express Comfort+ жаңа буын электрпойызын ұсынып отыр.

Сапар барысында жолаушыларға Wi-Fi, борттық тамақтану, онлайн төлем және үш класта да жайлы жағдай жасалған.

Пойыз аптасына 5 рет қатынайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат. Астанадан сағат 11:00-де шығып, Бурабайға 13:35-те жетеді. Қайтар жолы – 14:15-те, елордаға 17:00-де келеді.
Билетті 45 күн бұрын сатып алуға болады. Бағасы: 2 962 теңгеден 5 805 теңгеге дейін.
Ұқсас жаңалықтар
19 сәуір, 2026
Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады
19 сәуір, 2026
Есіл өзеніндегі жүзу құралдарының дайындығы тексерілді
18 сәуір, 2026
Қазақстанда киберқылмыстар саны айтарлықтай азайды
18 сәуір, 2026
Жаңа Конституция Брайль қарпінде және аудионұсқада ұсынылды