Абай облысында жоқ ағаштарды кесу үшін 150 млн теңгелік тендер жарияланған

Бүгін, 14:23
Айман Нығмет Айман Нығмет
views39
Абай облысында жоқ ағаштарды кесу үшін 150 млн теңгелік тендер жарияланған
фото: freepik.com

Семей қаласының прокуратурасы мемлекеттік конкурс өткізуде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау әрекетін анықтап, 150 миллион теңгені үнемдеді. Бұл конкурс қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша ұйымдастырылған, деп хабарлады Elordainfo.kz Абай облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

Тексеру кезінде конкурс құжаттамасында қатысушыларға қойылған негізсіз және артық талаптар табылды. Мысалы, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдық болуы міндетті делінген. Бұл талап орынды емес, себебі Семей қаласында мұндай биік ағаштар өсіп жатқан жоқ және Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне сай емес.

Сонымен бірге, конкурс құжаттарындағы сметалық және техникалық бөлімдердің сәйкес еместігі анықталып, бұл бюджет қаражатын дұрыс емес мақсатта жұмсау қауіпін туғызған.

Осы заңсыздықтар нәтижесінде әлеуетті қатысушылар саны қысқарып, әділ бәсекелестік қағидаттары бұзылған.

«Прокуратураның араласуымен конкурс жойылып, құжаттама заң талаптарына сәйкестендірілді. Бұл шешім мемлекеттік қаражаттың ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етіп, нарықтағы барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер туғызды»,- делінген хабарламада.