00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақтөбеде еңбек демалысына шыға алмаған ер адам әріптесінің үйін өртеп жіберді

12 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ақтөбеде еңбек демалысына шыға алмаған ер адам әріптесінің үйін өртеп жіберді
фото: freepik

Ақтөбеде еңбек демалысына шыға алмау себебінен әріптесінің үйіне өрт қойған адамға үкім шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2024 жылдың шілде айында сотталушы Е. мен әріптесі И есімді адамның арасында кезекті еңбек демалысына байланысты түсінбеушілік орын алған. Соңында Е. өзінде әріптесінің пәтерінің кілті бар екені есіне түсіп, оның баспанасына кіріп, өрт қойған.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде, сот, сотталушының жас балаларының болуын, жасаған қылмыстық іс - әрекетіне шын жүректен өкінуін, кінәсін толық мойындағанын, қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залалды ерікті түрде өтеуін ескереді.

«Сот үкімімен соттаушы Е. кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.