Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен 12 әлеуметтік нысан салынып жатыр

24 маусым, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен 12 әлеуметтік нысан салынып жатыр
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақтөбеде прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарған активтер есебінен медициналық пунктер және балабақша салынуда. Қаражат халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталған 12 әлеуметтік нысанның құрылысына инвестициялануда. Ерекше назар ауылдық медицинаға аударылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алға ауданының Маржанбұлак ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы басталды.

Бұл жергілікті тұрғындарды облыс орталығына бармай-ақ қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, облыстың тағы 10 ауылында жаңа медициналық мекемелердің құрылысы жүргізілуде, бұл ауылдық жерлерде медициналық қызметтерге қолжетімділікті айтарлықтай арттырады.

Ақтөбе қаласының Қарғалы тұрғын үй алабында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша құрылысы басталды.

«Құрылыс жұмыстары мемлекетке прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен жүргізілуде.

Бұл балабақша – Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Үкімет мақұлдаған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі.

Әрбір әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуы Бас прокурор Берік Асыловтың ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, еліміз бойынша денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық жаңғырту салаларында барлығы 333 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.

Салынатын балабақша ерекше білім беру қажеттіліктері бар 300 балаға арналған.

Нысанның жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады.