00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ақмола облысында азаматтығы жоқ 50-ге жуық адам анықталды

Ақмола облысында азаматтығы жоқ 50-ге жуық адам анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елімізде 1 шілдеден бастап  азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға және оларды құжаттандыруда құқықтық көмек көрсетуге бағытталған науқан жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Акция басталғаннан бері полицейлер азаматтығы анықталмаған 50-ге жуық адамды анықтады. Бұл адамдарға консулдыққа жазылудың және  сондай-ақ олар жергілікті жерлерде  қажетті құжаттарды толтыруға ақы төлеудің қажеті жоқ.

«Көбінесе адамдардың өздері елшілікке бара алмай, қажетті анықтамаларды ала алмайды деген сұрақ туындайды және бұл сұраулар да төленуі керек. Бірақ БҰҰ БЖКБ азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету жобасы шеңберінде бұл сұрау тегін жүргізіледі, өйткені бізде әртүрлі елдердің мемлекеттері үшін уағдаластықтар бар», - деді Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросының азаматтығы жоқ адамдарға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ БЖКБ жобасының заңгері Екатерина Кавлис.