00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

70 мыңнан астам жолаушы әйелдерге арналған вагондарда сапарлаған

19 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
70 мыңнан астам жолаушы әйелдерге арналған вагондарда сапарлаған
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Жазда әйелдерге арналған вагон қызметін 70 мыңнан астам жолаушы пайдаланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жазғы маусым басталғалы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы әйелдерге арналған вагондармен 70 мыңнан астам әйел жолаушы сапарға шыққан. Салыстырмалы түрде, 2023 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында бұл қызметті 55 мыңнан астам әйел пайдаланған», - деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Биыл әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қосымша үш бағытта әйелдерге арналған вагондарды іске қосу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта әйелдерге арналған вагондар 11 бағыт бойынша қатынайды:

- №354/353 «Астана - Семей»,

- №24/23 «Ақтөбе - Алматы»,

- №25/26 «Алматы - Шымкент»,

- №77/78 «Алматы - Маңғыстау»,

- №351/352 «Алматы - Өскемен»,

- №45/46 «Павлодар - Түркістан»,

- №37/38 «Маңғыстау - Семей»,

- №47/48 «Атырау - Астана»,

- №33/34 «Ақтөбе - Алматы-1»,

- №4/3 «Астана - Алматы-2»,

- №71/72 «Астана - Шымкент».

Барлық жолаушы әйелдер үшін қолжетімді болу мақсатында, әйелдер вагондарына билеттердің бағасы стандартты билеттердің құнымен теңестірілген.

Әйелдерге арналған вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады. Сонымен қатар, олармен бірге жеті жасқа дейінгі ұл балалар да саяхаттай алады. Бұл вагондарда тек әйел жолсеріктер жұмыс істейді.

Әйелдер вагондарына билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол вокзалдарындағы кассаларынан сатып алуға болады. Билеттер болмаған жағдайда, жолаушылар «Күту парағы» тегін қызметін пайдалана алады.