7 гидротехникалық құрылыс мемлекет меншігіне қабылданды – министрлік
17 қазан, 2024


Фото: Су және ирригация министрлігінен
Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Оның 4-еуі Қарағанды, 2-еуі Алматы және 1-еуі Павлодар облысында. Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.
«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Ұқсас жаңалықтар

25 шілде, 2025
Тамызда бірнеше облыста құрғақшылық болуы мүмкін

25 шілде, 2025
Атырау маңында сирек кездесетін көне күміс тиындар табылды

25 шілде, 2025
Дағдарыс орталығының тәрбиеленушілері әскери бөлімге саяхаттады

25 шілде, 2025
Тұмшалануға тыйым салынды: полиция бұған қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр