40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды
40 гастарбайтер Қазақстаннан шығарылды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының көші-қон полициясы мұндай сандарды «Нелегал» іс-шарасының 3 күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр.
Бөлімнің мәліметінше, ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегі анықталды. Оның 281-ін шетел азаматтары жасады.
Шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмыс беруші 9 отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.