00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ертеңгі ауа райы болжамы қандай

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ертеңгі ауа райы болжамы қандай
ашық дереккөз

Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық облыстары жауын-шашынсыз, салқын ауа райы күтілетін суық антициклонның ықпалында болады. Қалған аумақта  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын, оңтүстік-шығыста – қар аралас жаңбыр, республиканың оңтүстігі мен батысында – қатты жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте – өте қатты жел, шаңды дауыл, оңтүстік-батыста – найзағай ойнап, тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +2+4°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +10+12°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.