00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады
ашық дереккөз

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК ұсынған ақпарат бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы Атлант циклонымен анықталады, соған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстікте қар жауады.

Синоптиктердің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.