00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктер болдамынша, атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, солтүстік бөлігінде баяу бұрқасын, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ болуы мүмкін» - делінген хабарламада.

Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен таяудағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Батыс, солтүстік-батыс аймақтарға келетін болсақ, ауа температурасы жоғарылайды. Қалған аймақтарда ауа температурасы төмендейді.