00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде күн жылынады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүгін еліміздің кей өңірлерінде күн жылынады
ашық дереккөз

Синоптиктер республика бойынша 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Сол болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде құрғақ ауа райы сақталады, кей өңірлерде ауа температурасы көтерілетіні болжанды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК ұсынған болжам бойынша, еліміздің батысында ауа температурасы түнде 9-19-дан 5-17-ге дейін аздап жоғарылайды.

Ауа температурасының негізгі фоны:

түнде солтүстік-батыста 13-28 аяз;

солтүстікте 10-23 аяз;

орталықта 17-28 аяз,

шығыста 18-32 аяз.

Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын кеңейтеді, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы, тек республиканың солтүстік және шығыс бөліктерінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты қар және жаяу бұрқасын болжанады, - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратта.