00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Өзбекстан елшілігі ғимаратын қиратқан бұзақы 3 жылға сотталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада Өзбекстан елшілігі ғимаратын қиратқан бұзақы 3 жылға сотталды
ашық дереккөз

Астанадағы Өзбекстан Республикасы елшілігі ғимаратына мас күйінде баса көктеп кіріп, мүліктерді қиратқан елорда тұрғыны бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, елорданың Алматы ауданының №2 соты М. есімді азаматқа айыптау үкімін шығарды.

Биыл қаңтарда М. мас күйінде Өзбекстан Республикасы елшілігінің ғимаратына кіріп, мүліктерді қиратты. Салдарынан елшілікке ірі көлемде материалдық шығын келді. Айыптының кінәсі дәлелдер мен бейнебақылау камерасы жазбасымен расталды, - деп жазылған  қалалық соттың хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратынша, заң бойынша айыптыға 3 мыңнан 7 мыңға дейін АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Сондай-ақ, аталған іс бойынша жазаны жеңілдететін жағдай жоқ, керісінше мас күйінде қылмыс жасау ауыр мән-жай деп танылды.

Сот үкімімен М. есімді азамат Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, айыпты Өзбекстан Республикасы елшілігі ғимаратына келтірген материалдық залалды өтеді. Одан бөлек, сотталушыға жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу шарасы белгіленді, - дейді Астана сотынан.

Сот үкімі заңды күшіне енді.