00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қараша айында ауа райы жылы болуы мүмкін

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
Қараша айында ауа райы жылы болуы мүмкін
ашық дереккөз

Қараша айында республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, деп хабарлады Elorda.info «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жауын-шашын Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста - норма шамасында болады.

Қараша айының басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райына ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Атмосфералық ағындармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында жауып, көктайғақ болады және жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді, - делінген хабарламада.

Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5°С, күндіз +1+9°С, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18°С.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағынан кетеді. Бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады. Жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, күн құбылмалы болады. Термометр бағаны елдің солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.

Алайда, Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары келіп, күн жылынуы да мүмкін.