00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады
ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады.

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады. Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.

Президент премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.