00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Конституциялық сот өтініштерді жеңілдетілген тәртіпте қарайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Конституциялық сот өтініштерді жеңілдетілген тәртіпте қарайды
ашық дереккөз

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қолданыстағы бірқатар заңға ұсынылған жаңа ережелерді Мәжіліс комитетінің отырысында таныстырды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Парламенттің жабық отырысына қатысып, сөз сөйлей алады. Сондай-ақ ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз кіреді. Бұған қоса омбудсмен адам құқықтарының сақталуын бақылаушы ретінде шет мемлекеттерге де бара алады.

Заң жобасын әзірлеушілер Конституциялық сот биліктің сот тармағына кірмейтінін айтты. Бұл орган «қызметі мінсіз» заңгерлерден құралуы тиіс.

Шынымен де үлкен мәселе  – «Конституциялық сотта кімдер отыру керек?» деген. Олардың кіршіксіз өмір жолы мен тәжірибесі болу керек деген. Олардың барлығы да қоғамдық сүзгіден өтуі керек. Өйткені бұлар ұзақмерзімді жұмыс істейтін, олардың шешіміне ешкімнің қол сұғуға құқы болмайды. Кез келген заңның бабын тоқтатып қоюға, Президенттің, Үкіметтің, әкімдердің шешімін, соттардың шешімін қайтаратын мүмкіндіктері бар. Конституциялық соттың судьясы деген кез келген заңгер үшін армандайтын, мысалы көптеген елдерде жоғары немесе конституциялық соттың судьясы болу ол заңгердің арманы, - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.