Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылдайтын ант мәтіні өзгереді
Құжатқа сәйкес, енді аталған қызметтерді атқаратын азаматтар келесі мәтін бойынша ант қабылдайды:
Мен, __________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке кіре отырып:
- өз халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға және өзінің барлық іс-әрекеттерінде заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын ұстануға тиіс;
- өзіме жүктелген міндеттерді адал орындауға және адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау үшін барлық күш-жігер мен білімді жұмсауға;
- моральдық тазалықтың, қарапайымдылықтың үлгісі болуға, өзінің кәсіби абыройын, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау органы және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жоғары атағын қадірлеуге;
- қызметке байланысты қиындықтарға лайықты төтеп беруге ант етемін.
- Антты бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ұғынамын.
Анттың жаңа мәтінін бекіту туралы қаулы 23 тамызға дейін ашық талқылауға шығарылған. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.