22 мамырда елімізде дабыл жүйесі іске қосылды

Бүгін, 14:08
Айман Нығмет Айман Нығмет
22 мамырда елімізде дабыл жүйесі іске қосылды
фото: freepik.com

22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл іс-шара басқару органдарының, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйесі күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару республикалық штабы Павлодар облысында орналасатын болады.

Трансшекаралық аумақта табиғи өрттерді сөндіруге ден қоюды пысықтау үшін Ресей ТЖМ күштері мен құралдары тартылатын болады.

«Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 22 мамырда сағат 9.00-де «Баршаның назарына!» еліміздің түкпір-түкпірінде барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелең мен қауесетке берілмеуіңізді сұраймыз», - делінген ТЖМ хабарламасында.