00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жаз басталғалы 400-ге жуық орман өрті болды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жаз басталғалы 400-ге жуық орман өрті болды
ашық дереккөз

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қаупі кезеңі басталғалы 394 орман өрті және 22 дала өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 34 мың 785 гектарға жетті. Әсіресе елді мекендердегі құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады, оның жалыны тұрғын үй алаптарына жетуі мүмкін, - деді Н. Дербісов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 20 маусым күні Қарағанды облысында найзағайдан дала өрті тұтанған. Оған екпінді жел қосылып, 45 гектардан астам жер өртенген және оны сөндіру кезінде бір адам жараланып, бір адам қаза тапты.

14 шілде күні Атырау облысында дала өрті салдарынан жүздеген қой қырылды, қазіргі уақытта нақты шығын мен өлген малдың саны анықталуда. Орман және дала өртінің көпшілігі 100 шақырым радиуста ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда тұтанады, - деді Нұрболат Дербісов.