00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

25 ақпан, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөз

Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайтын болады – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы сақталады,  - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.