Кәдеге жарату төлемін 14 мамырдан кейін жасағандардың төлемі қайта есептеледі
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 29 сәуірдегі №138 бұйрығына сәйкес кәдеге жарату төлемінің ставкалары 50%-ға төмендетілді, осы бұйрық биылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді.
14 мамырдан кейін бұрынғы мөлшерлемелер бойынша кәдеге жарату алымын төлеу жүзеге асырылған жағдайда, “Жасыл даму” АҚ қайта есептеу жүргізеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес артық төленген соманы қайтару жүзеге асырылады. Дәйексіз ақпаратқа бой алдырмауларыңызды, күмәнді хаттарға жауап бермеулеріңізді, тек ресми дереккөздердің ақпараттарына назар аударуларыңызды сұраймыз, – делінген министрлік ақпаратында.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған