Ертеңгі ауа райы қандай болады
Атмосфераның фронтальды бөліктері ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, осыған байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын болады, түнде және таңертең республиканың оңтүстігіндегі таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, жел күшейеді, боран, көктайғақ күтіледі. Ал республиканың солтүстігі мен шығысында антициклон екпіні әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Түркістан облысының оңтүстік және таулы аймақтарында тұман, күндіз көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда желдің күшеюі 17-22, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда екпіні 30 м/с жел күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік - батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында солтүстікте тұман түседі, орталықта және шығыста жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ, бұрқасын болады.
Маңғыстау және Атырау облыстарының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оңтүстікте, Қарағанды облысының орталығында баяу бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында Алакөл маңында жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз батыста, солтүстікте және таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.