Елордада жаңа форматтағы инновациялық мектеп ашылды
«BINOM SCHOOL жаңа форматтағы инновациялық мектебіне бардым. Жаңа бес қабатты мектеп 4 мың оқушыға есептелген (2 ауысымда).», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram желісіндегі парақшасында.
Әкімнің айтуынша, бұл мектепте оқу тегін. Мектепте робототехника кабинеттері, кинозал, мұғалімдер мен балаларға арналған коворкинг-аймақтар, телестудия, смарт-сыныптар, металл және ағаш кесу шеберханалары, TedxBinom, Speaking Club, үлкен кітапхана, ойын бөлмелері және т.б. бар.
«Binom мектебінің басты артықшылықтарының бірі - ерекше қажеттілігі бар балалар үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа мектептердің есігі 3 тоқсаннан бастап ашылады», -деді әкім.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл барлығы 15 мектеп салынған.
"Бұл шамамен 40 мың оқушы орны. Жаңа мектептер салынғандықтан 5 мектеп енді үш ауысымда оқытпайды, сондай-ақ, 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілмек. Елордада жыл сайын адамдар саны артып келеді. Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3 есеге артты. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 есе асады. Мысалы, мамыр айында 7 мың түлек мектеп бітіріп шықса, бірінші сыныпқа 25 мың оқушы келеді. Осы мәселелерді шешу үшін қалада жыл сайын кем дегенде 10 мектеп салып отыру қажет", - дейді әкім.