00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жамбыл облысының Қордай ауданында 700-ге жуық мал суға ағып кетті

18 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жамбыл облысының Қордай ауданында 700-ге жуық мал суға ағып кетті
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Қордай ауданының Бетқайнар ауылдық округінде 17 шілдеде сағат шамамен 20:00-ден бастап толассыз жауған жаңбыр салдарынан 700-ге жуық мал суға ағып кетті, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша, жеке аула аумақтарын, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Береке» шаруа қожалығы аумағынан 671 бас ұсақ мал мен 10 бас жылқы су ағып кеткен.

«Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 6 бірлік техникасы шығып, төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар атқаруда», - делінге әкімдіктің хабарламасында.

Ағын су салдарынан «Соғанды-Бетқайнар» автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен (5 адам және 2 бірлік техника) бекеттер қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді.