Статистика бюросы: Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады
Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептегенде биылғы жылдың II тоқсанда елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады. Бұл туралы Elorda.info Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 190,4 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6971 мыңы жалдамалы қызметкер болса, 2 219,4 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы азаматтарға шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,9% құрады.
«15-34 жастағылардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы шілде айының соңына 338,7 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,5%-ын құрады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.