Рамазан айында елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

28 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Рамазан айында елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл Ораза айт мерекесі 30 наурыз күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 15 мешіт жамағатқа қызмет етеді.

Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатындығын ескерткім келеді.

Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдар Рамазан айы кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіздік шаралары мешіттер мен басқа да көпшілік жиналатын орындарда күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қамтамасыз етіледі», - деді ҚМДБ өкілдері.

Айта кетейік, биыл мұсылман күнтізбесі бойынша Рамазан айы 1 наурызда басталады. Наурыз айының 26-сынан 27-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз –Ораза айт мерекесі.

Оқи отырыңыз: Ауыз ашарда және бекіткенде оқылатын дұғалар

Биыл пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Оқи отырыңыз: Дәрігерден 9 кеңес: Оразада қалай тамақтану керек

Астана қаласына арналған 2025 жылдың ораза кестесі