00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды

24 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Фото: дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info

Оның барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, медициналық көмектің қолжетімділігі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың төрағалығымен өткен талқылауға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, оның ішінде ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары қатысты.

Отырыс басында ЕХӘҚМ басшысы Үйлестіру кеңесіне қатысушылардың қосқан үлесін, олар берген ұсыныстар негізінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Үйлестіру кеңесі алаңында барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен шешімдер шоғырланған түрі де қабылданады, олар мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, министр отырысқа қатысушыларға мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы ведомствоның бастамалары туралы баяндады.

Ол осы айда Мүгедектік мәселелері бойынша министрлер мен әкімдердің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылғанын атап өтті.

«Министрлер мен әкімдердің мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшілерін қысқа мерзімде тағайындау қажеттілігі туралы өздеріңіздің бірінші басшыларыңызға жеткізуді сұраймын», – деді министр.

Сондай-ақ, ол медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру мәселелері бойынша бірқатар бастамаларды іске асыру туралы айтып берді.

Биыл МӘС-ті сырттай проактивті форматта өткізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. Ол көрсетілетін қызметті алушының тек «бір терезе» қағидаты бойынша медициналық ұйымға тікелей жүгінуін көздейді. Сараптаманы медициналық ақпараттық жүйелерден электрондық форматта келіп түсетін иесіздендірілген медициналық құжаттар негізінде аумақтан тыс сарапшылар жүргізеді.