00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

JOLTAP жобасында «Алтын қайшы» марапатын иелендім – жоба қатысушысы

JOLTAP жобасында «Алтын қайшы» марапатын иелендім – жоба қатысушысы
Фото: JOLTAP жобасы сайтынан

Қала әкімдігі жүзеге асырып жатқан JOLTAP жобасының арқасында 18 жастан 50 жасқа дейінгі елорда тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандықтарды игеруде. Солардың бірі – Кенжебек Садуақасов та «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктінен қысқа мерзімді тегін курстар туралы біліп, жаңа мамандықтың иесі атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Біз балалар үйінде өстік. Мектепті тәмамадаған соң, ең алғаш Семей қаласындағы Құрылыс колледжінде сылақшылықты оқыдым. Оқу орнын бітірген соң құрылыста сылақшы болып жұмыс істеп жүріп, жарақат алдым. Сөйтіп, бұл жұмысты жалғастыруға мүмкіндік болмады. Содан соң реті келген әр түрлі жеңіл-желпі жұмыстардан нәпақамды тауып жүрдім. Бір күні «Азия парк» сауда орталығының алдынан «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктін көріп қалдым. JOLTAP жобасының кеңсесі екен. «Әр түрлі мамандықтарға тегін курс бар» деген соң тігіншілік курсты таңдадым. Іштей «бұл қалай болар екен, қолымнан келер ме екен?» деп те күмәндандым. Алайда курсты тәмамдап, ұстазымнан «Алтын қайшы» марапатын алғанда өзіме деген сенімім нығая түсті», - деді Кенжебек Садуақасов.

Кенжебек тігін ісінің тек әйел адамның ғана кәсібі емес екенін дәлелдегендей болды. Ол бұған теория мен тәжірибені ұштастыра білім берген курс ұстаздарының қолдауы себеп болғанын айтады. 

«Бүгінде сертификатымды қолыма алып, ойға алған жоспарларымды жүзеге асыруға талпыныс жасап жатырмын. Бірнеше ательемен сөйлестім, шақырып жатыр. Олар JOLTAP жобасы бойынша курс оқығандарды тәжірибесіз ала беретіндерін айтып отыр. Өйткені мұнда теория мен тәжірибе қатар үйретілетіні мәлім. Сол себепті кез келген жұмысты алып кетуге болады. Мен JOLTAP жобасына ризамын», - дейді ол. 

Айта кетейік, жобада қысқа мерзімді курс оқыған түлектердің кандидатураларына JUMYS TAP Telegram-ботында тегін жарнама жасалады. Толық ақпаратты call-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: +7 (707) 221 31-31.