Ипотекаға әрленбеген пәтер алғандар оны жөндеуге қыруар қаражат жұмсайды – басқарма төрағасы

Фото: Оңалхан Өнерхан
«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова Сенат кулуарында жаңа пәтерлерді жөндеуден өткізіп барып сату қажеттігін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Әрленбеген пәтерді ипотекаға алу, «цементті» сатып алғанмен тең. Әрі қарай жөндеуге қосымша қаражат іздейсіз. Ақшаны қайдан аласыз? Сауалнама нәтижесіне сүйенсек, жауап бергендердің 90 пайызы пәтерлерін жөндеп, әрлеу үшін тұтынушы несиесін алатынын айтқан. Ал мұндай несиелердің жылдық үстеме пайызы 45-50 пайызға дейін жетеді. Сондықтан «Отбасы банк» жаңадан салынған үйлердің пәтерлері жөндеуден өткізіліп барып сатылғаны дұрыс деп есептейді», - деді Ляззат Ибрагимова.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:27
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» байқауы басталды

Бүгін, 11:45
Халықты баспанамен қамту: өңірлердегі қазіргі жағдай қалай

Бүгін, 10:27
Қазақстанда бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы мөлшері қандай

16 қыркүйек, 2025
Қазақстанда дропперлік жасағандар 7 жылға дейін сотталады