Елімізде қандай мүліктерге сән-салтанат салығы енгізіледі
9 сәуір, 2025


фото: freepik.com
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірінші оқылымда Салық кодексінің жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді талқылап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сән-салтанат салығына тоқталып өтті.
Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарлануда. Әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылады»,- деді Серік Жұманғарин.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:19
АЙ мен КҮНДІ ҰСТАП КӨРГЕН ДОСЫМ-ай!

4 тамыз, 2025
Қостанай облысында қайтарылған активтер ауылдарды сумен қамтамасыз етуге бағытталды

4 тамыз, 2025
Мүгедектікті белгілеу бойынша 62 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

1 тамыз, 2025
Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері талқыланды