Былтыр желтоқсан айында тұрғын үй бағасы қалай өзгерді
2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9%-ға өскен.
Өңірлер кесіндісінде алғашқы нарықта жылдық мәнінде баға едәуір Ақтөбе қаласында – 12,8%-ға, Көкшетау қаласында – 10,1%-ға, Тараз қаласында 10%-ға қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (16,9%), Астана қаласы (12,9%), Қонаев қаласы (10,1%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған қаласы (26,6%), Астана қаласы (25,8%), Шымкент қаласы (18,6%), Орал қаласы (16,8%), Петропавл қаласы (16,4%).
2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген. Оның ішінде жер үйлер бойынша 10 488 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 39 558 мәміле жасалды.
2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда желтоқсанда мәмілелер өсімі, Алматы облысын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалған. Онда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны тек 0,2%-ға азайған. Ең көп өсім Қызылорда мен Жамбыл облыстарында және Астана қаласында тіркелді.
2024 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 2023 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 32,3%-ға көбейген. Ол кезде 37 818 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Павлодар облысында байқалды, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 16,8%-ға артқан.